РПЛ клубтары Қазақстан құрамасының ойыншысына көз тікті

Қазақстан құрамасы мен "Ордабасының" жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов Ресей премьер-лигасы (РПЛ) клубтарының қызығушылығын тудырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы skazk1.dugali4a Іnstagram-парақшасында айтылды. 

"Біздегі бар ақпаратқа сенсек, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов РПЛ скауттарының көзіне түсті. Қазақстандық футболшы Рубин, Ростов және басқа үздік ондықтаға команда сапына ауысуы мүмкін. Біз Элхан туралы жаңалықтарды күтеміз", - дейді ақпарат көзі.