NBA-ның жаңа чемпионы белгілі болды

NBA-ның жаңа чемпионы белгілі болды
Фото: Reuters

"ГолденСтэйт Уорриорз" Ұлттық баскетбол қауымдастығының (NBA) жаңа чемпиондары атанды, - деп хабарлайды Reuters.

"Голден Стэйт" пен "Бостон" арасындағы ҰБҚ-2022 финалдық сериясының алтыншы матчі Бостондағы "ТИ-Ди Гарден" стадионында өтті, кездесу 103:90 есебімен аяқталды.

Стефен Карри кездесудің басты қаһарманы болды, ол 34 ұпай жинайды. Карри финалдық серияның ең үздік ойыншысы (MVP) атанды.

Еске салайық, "Голден Стэйт" 7 рет ҰБҚ чемпионы болып отыр.

М. Жәмішжанов