15 жастағы ауыратлет әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Қазақстандық ауыратлет Надежда Ли Мексикада жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

64 келіге дейінгілер арасында сынға түскен 15 жастағы отандасымыз қос сайыс қорытындысы бойынша 190 (85+105) келіні бағындырды.

Колумбиялық Ингрид Ванеса Сегуро Груесо (94+117) жеңіс тұғырының биік сатысына көтерілді. Ал Венесуэладан келген Кейли Каролина Сильва Фернандез (84+103) болса қола жүлдемен марапатталды.

Еске салайық, осыған дейін Атлант мұхитының ар жағындағы жарыста Ерасыл Сәулебеков (67 келі), Едіге Емберді (73 келі) және Денис Полубояринов (81 келі) құрама қоржынына "алтын" салса, Ерасыл Омаров (55 келі) пен Александра Беленко (40 келі) қола медаль иеленген еді.