"Тобылдың" Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

"Тобылдың" Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды
Фото: "Тобыл" ФК

Қостанайлық "Тобыл" 2022/23 жылғы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Венгрия ұлттық чемпионатының жеңімпазы "Ференцварош" клубымен ойнайды, - деп хабарлайды "Массагет" тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнирдің осы кезеңінің алғашқы матчтері 2022 жылдың 5/6 шілдесінде, ал жауап ойындары 12/13 шілдеде өтеді.

Турдың жеребе қатысушылары үш топқа бөлінді, олардың әрқайсы клубтық коэффициенттерге сәйкес екіге бөлінді. Қазақстан чемпионы "еленбеген" командалар қатарында болады.

Еске салайық, биыл еурокубоктарда Қазақстанның атынан Конференция лигасында өнер көрсететін "Астана", "Қайрат" және "Қызыл-Жар СҚ" командалары ойнайды.

G. Dosymshalova