Желіде Қазақстан құрамасының бапкерінің билеген видеосы тарады

Әлеуметтік желіде футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкерінің билеген видеосы тарап кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы Словакияны жеңгеннен кейін Магомед Адиев киім ауыстыратын бөлмеде лезгинка билеген.

Ресейлік маманның айтуынша, оны футболшылар мәжбүрлеген және ол бұған дейін ешқашан бұлай жасамаған.

Еске салайық, футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында Словакияны жеңіп, тағы бір сенсация жасаған еді.