"Реал Мадрид" Чемпиондар лигасын 14-ші рет жеңіп алды

"Реал Мадрид" Чемпиондар лигасын 14-ші рет жеңіп алды

Мадридтің "Реал" футбол клубы Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанды. Парижде өткен финалда испандық ұжым Англияның "Ливерпуль" командасын 1:0 есебімен ұтты. 

Әлем жұртшылығы көз тіккеннің ойынның бірінші таймында гол соғылмады. Қауіпті сәттер көп болды. Әсіресе, ағылшын клубы бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберді. Ал, Бенземаның соққан голын төреші офсайд деп есептемеді.

Ойындағы 1 гол екінші таймда соғылды. 59 минутта сол қанаттан қиялай шығарған Валварденің пасын Винисиус қақпаға дәл бағыттады. Бұдан кейін де екі командада бірнеше мүмкіндік болды.

Айта кетейік, "Реал" өз тарихында Чемпиондар лигасының кубогын 14-ші рет иеленіп отыр. Бұған дейін 2018 жылы дәл осы "Ливерпуль" клубын 3:1 есебімен жеңген болатын.

А. Оралқызы