Анчелотти – Чемпиондар Лигасы Кубогын 4 рет алған алғашқы бапкер

Анчелотти – Чемпиондар Лигасы Кубогын 4 рет алған алғашқы бапкер

Бүгін Чемпиондар Лигасын 6 мәрте ұтқан "Ливерпуль" мен 13 рет кубок алған "Реал Мадрид" арасында финалдық кездесу өтті. 

Корольдік клубтық жаттықтырушысы Анчелотти осыған дейін 3 мәрте Чемпиондар Лигасы Кубогын иеленген 3 бапкердің бірі болып келсе, бүгін бағы жанып, аталған трофейді 4 рет алған алғашқы бапкер атанды. Ол жаттықтырған испан клубы ағылшындарды 1:0 есебімен ұтты.

Ол футбол тарихындағы 5 бірдей топ Еуропа чемпионатын ұтқан жалғыз бапкер. 2004-те А Сериясын Миланмен, 2010-да ағылшын Премьер-лигасын Челсимен, 2013-те — француз 1 Лигасын Пари Сен-Жерменмен, 2017-де — неміс Бундеслигасын Бавариямен ұтты.

"Шешуші сәтте тактикадан гөрі, психология маңызды" дейтін Папа Карлоның артықшылығы оның ойыншыларды өзіне тең  дос көруінде. Шебер керек кезде дұрыс бағыт, әдемі алмастыру арқылы командасын соңғы күші қалғанша күресуге шабыттандырады.

Сонымен бірге, Карло Анчелотти бапкер ретінде 2 рет "Миланмен" бірге, екі рет "Реал Мадридпен" бірге Чемпиондар лигасын ұтқан болса, 2 рет "Милан" сапында осы лиганың жеңімпазы атанған.

А. Оралқызы