Роналду мен Месси емес. Бір жылда ең көп табыс тапқан спортшы белгілі болды

Роналду мен Месси емес. Бір жылда ең көп табыс тапқан спортшы белгілі болды
Фото: Harry How/Getty Images

"Лос-Анджелес Лейкерс" командасының көшбасшысы Леброн Джеймс әлемдегі ең көп табыс тапқан спортшы атанды. Кейінгі бір жылда баскетболшы 126,9 миллион долларға дәулетін арттырған, бұл оның спорттық мансабындағы ең жоғары көрсеткіш.

Леброн Джеймстің келісім-шарт пен жүлдеден түскен табысы ең жоғары емес – небәрі 36,9 миллион доллар, бірақ спортшы кейінгі 12 айда жарнамалық келісімшарттардан тағы 90 миллион доллар алған.

Одан басқа тағы алты NBA өкілі үздік жиырмалыққа енді. Олар: Стефен Карри ("Голден Стэйт Уорриорз"), Кевин Дюрант ("Бруклин Нетс"), Джеймс Харден ("Филадельфия Сиксерс"), Яннис Адетокунбо ("Милуоки Бакс"), Рассел Уэстбрук ("Голдэн Стэйт") және Клэй Томпсон ("Голдэн Стэйт").

Үздік бестікте – 122 миллион доллар табыс тапқан Лионель Месси, Криштиану Роналду (115 млн), Неймар (103 млн) және Сауль "Канело" Альварес (89 млн) бар.

Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы UFC чемпионы, былтыр бұл рейтингте көш бастаған Конор МакГрегор былтыр рейтингте небәрі 22-орыннан көрінді.

Т. Раушанұлы