Костя Цзю "Канелоның" жеңілу себебін атады

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес Дмитрий Биволмен жекпе-жекте өзінің қабілетін асыра бағалады дейді жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Константин Цзю. Бұл туралы РИА Новости жазды.

Бивол жартылай ауыр салмақтағы WBA Super титулын қорғау жекпе-жегінде Альваресті төрешілер шешімімен жеңді.

"Дима өзін өте жақсы қырынан көрсетті. Біріншіден, ол тактиканы жүзеге асырды, командамен бірге нақты жұмыс істегені көрініп тұр. Сондай-ақ, оның байсалдылығын, раунд сайын қалай тамаша жұдырықтасқанын көрдік. Ал Канело жай ғана "бәрі оңай болады" деп ойлады. Оның үстіне дайындығы дұрыс болмағаны анық. Иә, салмағы да басқа, Альварес өзінің мүмкіндіктерін асыра бағалады. Реванш болса, "Канело" жеңуі мүмкін, ол керемет боксшы. Ол басқа техника мен тактикаға көңіл бөлуі керек", - дейді Цзю.

Айта кетейік, мексикалық үшін бұл жеңіліс оның мансабындағы екінші жеңіліс болды, ал Бивол әлі бірде-бір рет жеңілмеген.