Футзалдан Қазақстан құрамасының әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды

Футзалдан Қазақстан құрамасының әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды
Фото: olympic.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасы 14 сәуірде жаңартылған әлемдік рейтингте үздік он команданың қатарында қалды.

Ұлттық құрама 1557 ұпаймен жетінші орында, желтоқсандағы рейтингтен бір саты төмен. Иран 1580 ұпаймен алтыншы орынға жайғасты. Бразилия рейтинг кестесінде көш бастап тұр.

Әлемдік рейтингтегі 10 топ құрама:

1. Бразилия – 1796 ұпай
2. Испания – 1754
3. Португалия – 1744
3. Аргентина – 1744
5. Ресей – 1687
6. Иран – 1584
7. Қазақстан – 1557
8. Парагвай – 1501
9. Италия – 1453
10. Хорватия – 1450

Бұған дейін Қазақстан құрамасының әлеуетті қарсыластары 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің негізгі кезеңінде анықталған болатын. Олар: Испания, Ресей, Португалия, Хорватия, Сербия, Әзірбайжан, Италия, Чехия, Украина, Словения, Босния және Герцеговина, Польша, Финляндия, Румыния, Словакия, Грузия, Беларусь, Нидерланды, Венгрия, Франция, Бельгия, Латвия, Солтүстік Македония, Германия, Черногория, Дания, Кипр, Армения, Косово, Литва, Израиль, Швеция, Австрия, Молдова, Греция болуы мүмкін.

Т. Раушанұлы