Геннадий Головкин әлемдік рейтингіде көш бастады

Муратаны (16-3, 13 КО) жеңгеннен кейін отандасымыз Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Boxrec.com сайты жаңартылған рейтингінде көш бастады. 

Ол BoxRec рейтингісінде салмақ дәрежесіне қарамастан, барлық боксшылар арасында 698.6 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. 

Ал, күзде трилогия өткізілуі керек деп жоспарланған қазақстандықтың басты қарсыласмы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) 678.4 ұпаймен екінші орында. Америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО) 524.0 ұпаймен әлем боксшылары арасында үздік үштікті қорытындылағын. Одан кейінгі сатыларға Тайсон Фьюри, Александр Усик сынды былғары қолғап жеберлері жайғасқан.

Рейтингтің топ-10 боксшысы:

1. Геннадий Головкин 
2. Сауль Альварес 
3. Теренс Кроуфорд 
4. Тайсон Фьюри 
5. Александр Усик 
6. Энтони Джошуа 
7. Майрис Бриедис 
8. Деонтей Уайлдер 
9. Каллум Смит 
10. Артур Бетербиев