Головкин – Мурата жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Головкин – Мурата жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Фото: ©twitter.com/GGGBoxing

Qazaqstan және Qazsport телеарналары Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36КО) жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді.

Ертең Сайтамада қазақстандық Геннадий GGG Головкин мен жапон боксшысы Риота Мурата арасындағы көптен күткен кездесу өтеді. Головкиннің IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы титулдары мен Муратаның WBA Super белбеуі сарапқа салынады.

Кәсіпқой бокс кешінің тікелей эфирі Нұр-Сұлтан уақытымен сағат – 15:00-де. Головкин мен Муратаның жекпе-жегі шамамен сағат 20:00-де басталады.

Бұдан бөлек Головкиннің бұл жекпе-жегі DAZN платформасында әлемнің 200-ден аса елінде тікелей эфирде көрсетіледі.

Бастапқыда Головкин-Мурата жекпе-жегі Жапонияда 2021 жылдың желтоқсанында өтуі керек еді, бірақ елдегі коронавирус шектеуінің күшейтілуіне байланысты кейінге шегерілді.

Айта кетейік, Головкин қыркүйекте Сауль Канело Альвареспен кездесуі мүмкін. USA Today Sports+-тің хабарлауынша, үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекке жоспарланған. Жекпе-жек екінші орта салмақта (168 фунт) өтеді. Қарсыластар Альварестің төрт титулына таласатыны хабарланды.

Трилогияға дейін Головкин Муратаны, ал Канело Дмитрий Биволды жеңуі керек.

Т. Раушанұлы