Криштиану Роналду голдар саны бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты

Криштиану Роналду голдар саны бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты
Фото: Reuters

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду голдар саны бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды "Р-Спорт" порталы. 

Роналду Ағылшын Премьер-лигасының 29-турында "Тоттенхэм" (3:2) қақпасына үш гол соқты. Осылайша, оның жалпы мансабындағы голдар саны 807-ге (692 клубтар үшін, 115 құрама үшін) жетті. 

Португалиялық шабуылшы аустриялық және чехословакиялық Йозеф Бицанның көрсеткішін жаңартты. Оның еншісінде 805 гол бар. Бицанның голдарын көптеген статистикалық деректер растайды. Олардың қатарында Халықаралық футбол федерациясы да (ФИФА), Спорт статистикасының фонды (RSSSF) да бар. Ал Чехия футбол ассоциациясы Бицан өз мансабында ресми кездесулерде 821 гол соққанын айтады. 

Айта кетейік, 37 жастағы Роналду португалиялық "Спортинг", ағылшындық "Манчестер Юнайтед", испаниялық "Реал" және италиялық "Ювентус" командаларында ойнаған. Ол — Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы. Тамыз айында Роналду "Манчестер Юнайтедке" қайта оралды. 

Дереккөз: kaz.vesti.kz

А. Жапатова