Мария Агапова UFC турнирінде басты қарсыласынан жеңіліп қалды

Мария Агапова UFC турнирінде басты қарсыласынан жеңіліп қалды
Фото: Sports.kz

Лас-Вегаста UFC 272 аясындағы қазақстандық Мария Агапова мен украиналық Марина Мороз арасындағы жекпе-жек украин спортшысының мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды.

Бірінші раундтың көп бөлігінде  Мороз белсенді өткізді. Агапова қарсыласының шабуылына төтеп берді. Екінші раундта украин спортшысы тұншықтыру әдісін қолдану арқылы қазақстандық спортшыны жеңді.

Бұған дейін Агапова промоушенде төрт жекпе-жек өткізіп, бүгінге дейін бір жеңіліспен екі жеңіске жеткен болатын. 30 жастағы украиналық бұған дейін UFC-де бес рет жеңіске жетіп, үш рет сәтсіздікке ұшыраған. Кейінгі кездесуін ол екі жыл бұрын өткізген.

Еске салайық, турнирдің негізгі сынында жартылай орта салмақтағы Колби Ковингтон (16-3) пен Хорхе Масвидаль (35-15) жұдырықтасады.

Т. Раушанұлы