Головкин Муратамен жекпе-жек өткізетін күнін ресми түрде жариялады

Головкин Муратамен жекпе-жек өткізетін күнін ресми түрде жариялады
Фото: @ryota_murata_official, Турар Казангапов

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің WBA "суперчемпионы" Риота Муратамен жекпе-жек өтетін күні белгілі болды.

"9 сәуірде Жапонияда кездескенше", - деп жазды спортшы Instagram-дағы парақшасында.

Бастапқыда Головкин-Мурата жекпе-жегі Жапонияда 2021 жылдың желтоқсанында өтуі керек еді, бірақ елдегі коронавирус шектеуінің күшейтілуіне байланысты кейінге шегерілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gennadiy Golovkin | GGG (@gggboxing)

Жекпе-жек өтетін жерге келетін болсақ, инсайдер Майк Коппингердің айтуынша, бокс кеші Жапониядағы сенбі күнгі прайм-тайм кезінде Сайтамадағы  Saitama Super Arena-да өтеді. Негізгі шараның басталуы жергілікті уақыт бойынша 22-23 сағатқа жоспарланған. Осылайша қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жекті Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен кешкі 19:00 немесе 20:00-де тамашалай алады.

Айта кетейік, Головкин қыркүйекте Сауль Канело Альвареспен кездеседі деп жоспарланған. USA Today Sports+-тің хабарлауынша, үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекке жоспарланған. Жекпе-жек екінші орта салмақта (168 фунт) өтеді. Қарсыластар Альварестің төрт титулына таласатыны хабарланды.

Трилогияға дейін Головкин Муратаны, ал Канело Дмитрий Биволды жеңуі керек. Олардың бірінші ауыр санаттағы WBA белбеуі үшін жекпе-жегі мамыр айында өтеді.

Т. Раушанұлы