Морозов UFC аясындағы үшінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды

Морозов UFC аясындағы үшінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды
Фото: ©UFC

Қазақстандық жеңіл салмақтағы файтер Сергей Морозов (17-6) Хьюстонда (Техас, АҚШ) өткен UFC 271 турнирде жеңіліп қалды.

Морозовтың қарсыласы 36 жастағы бразилиялық Дуглас Силва де Андраде (28-4-0-1) болды, ол америкалық промоушендегі оныншы жекпе-жегін өткізді. Үш раундқа есептелген жекпе-жек екінші бес минуттық кезеңнің соңында Дуглас тұншықтыру әдісін қолданып, жеңді.

Бірінші раунда қазақстандық спортшы белсенді болды. Қарсыласына бірнеше соққы беріп үлгерді.

Екінші раундтың бірінші минутында қарсыласының күшті соққысынан Морозов нокдаунға түсті. Бес минуттық кезеңнің ортасында қазақстандық спортшы әлсірей бастады, содан кейін басымдық толығымен Дугластың қолына өтті. Раундтың соңына таман Сильва де Андраде қажыған қарсыласын тұншықтырып жеңді. Морозов тіпті жеңлігенін білдіретін қолымен қағу әдісін қолданып үлгермей, ес-түссіз қалды.

Сильва де Андраденің UFC-де алты жеңісі, төрт жеңілісі бар. Бұл оның мансабындағы екінші жеңісі ғана.

Морозовқа келетін болсақ, ол үш кездесуде екінші рет сәтсіздікке ұшырады. UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін 2021 жылдың қаңтарында әйгілі чемпион Хабиб Нурмагомедовтың інісі, жеңілмеген ресейлік Омар Нурмагомедовке (13-0) қарсы өткізіп, жеңіліп қалған болатын.

А. Оралқызы