Футзал: Қазақстан құрамасының Еуро-2022 ширек финалындағы қарсыласы анықталды

Футзал: Қазақстан құрамасының Еуро-2022 ширек финалындағы қарсыласы анықталды
Фото: olympic.kz

Нидерландыда өтіп жатқан футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне қатысушылардың барлығы белгілі болды.

1/4 финалға соңғы жолдаманы топтық кезеңдегі финал ойынында Грузия құрамасын 8:0 есебімен жеңген Испания құрамасы жеңіп алды.

Осылайша, испандар жеті ұпай жинап, Грузияны (6) жеңіп, D тобында бірінші орынмен шықты.

Бұған дейін плей-оффқа Португалия, Украина, Финляндия, Ресей және Қазақстан құрамалары шыққан болатын.

Еуро-2022 ширек финалының жұптары төмендегідей:

Португалия - Финляндия (31 қаңтар)

Қазақстан - Украина (31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні)

Испания - Словакия (1 ақпан)

Ресей - Грузия (1 ақпан).

Еске салайық, Еуро-2022 топтық кезеңінде Қазақстан Словениямен тең ойнап (4:4), одан кейін Финляндия (6:2) мен Италияны (4:1) ұтқан болатын.

Т. Раушанұлы