Батыр Жүкембаев мексикалық боксшымен кездеседі

Батыр Жүкембаев мексикалық боксшымен кездеседі
Фото: ainews.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (18-1, 14КО) келесі жекпе-жегі 17 желтоқсан күні Монреалда өтеді.  Бұл жайлы боксшының өзі Instagram парақшасында хабарлады.

"Айқас 17 желтоқсан күні Монреаль қаласындағы танымал "Bell Centre" аренасында өтеді. Бетербиев-Браун чемпиондық жекпе-жегі өтетін GYM және Top Rank шоулары аясында өнер көрсетемін. Монреальға оралғаныма қуаныштымын", - деп жазды Батыр Жүкембаев Instagram-да.

Спортшы бұл жолы мексикалық Хуан Хосе Мартинеспен (28-10, 20КО) бокстасады.

Айта кеткен жөн, бұл кештегі басты айқас -  ресейлік Артур Бетербиев (16-0, 16КО) пен америкалық Маркус Браун (24-1, 16КО) арасындағы кездесу. Ресейлік боксшы WBC және IBF нұсқалары бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы титулдарын қорғайды.

Қ. Слямбек