Қазақстандық оқушылар Киевте киберспорт турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық оқушылар Киевте киберспорт турнирінде жеңіске жетті
Фото: tengrinews.kz

Қараша айының соңында Киевте (Украина) киберспорт бойынша ISF E-sport Games әлем чемпионаты өтті. Турнирге Халықаралық мектеп спорты федерациясы (ISF), Украинаның мектеп спорты федерациясы (UFS) және Украина киберспорт федерациясы (UPEA) қолдау көрсетті.

Қатысушылар CS: GO және DOTA 2 бойынша сынға түсті.  Қазақстан командасының сапарын  QCF және Esports HUB esports академиясының басшылығы ұйымдастырды. Қазақстандық CS: GO мектебінің командасы гранд финалда Швеция құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.

Команда алтын медальдар мен 1500 доллар сыйақыға ие болды.

CS:GO бойынша Қазақстан мектеп командасының құрамы:

Жандос plushax Ақатаев,
Азиз D1sastrous Итахунов,
Әлішер M1kami Масақбай,
Даулет BLVCKM4GIC Оңдасынов,
Алтаир -kAlash Асқаров.

Бірақ Dota 2 бойынша Қазақстан мектеп командасы ISF E-sport ойынында 2 орынға ие болды. Команда жалпы жүлде қорынан 1000 доллар ұтып алды.

Dota 2 бойынша Қазақстан мектеп командасының құрамы:

Тамир Daze Тоқпанов,
Ерлан AIND Лесбек,
Олег Dobby Верещагин,
Егор egxrdemxn Миллер,
Богдан tilttt Орлов.

Қазақстан мектеп командасының әлем мектеп оқушылары арасындағы киберспорт турниріне қатысуы өскелең ұрпақ арасында киберспортты дамытуға, сондай-ақ жаңа дамып келе жатқан салада елімізді әлемге танымал етуге мүмкіндік береді.

Т. Раушанұлы