Сульшер санаулы өмірі қалған "Манчестер Юнайтед" жанкүйерін VIP-ложаға шақырып, ойын тамашалауды ұсынды

Сульшер санаулы өмірі қалған "Манчестер Юнайтед" жанкүйерін VIP-ложаға шақырып, ойын тамашалауды ұсынды

Пол Уокер – төрт баланың әкесі және "Манчестер Юнайтедтің" жанкүйері. Өткен айда азқазаны ауырып дәрігерге барған оған асқазан қатерлі ісігі диагнозы қойылды. Онкологтардың болжамы бойынша, Полдың енді 5-12 айға ғана өмірі қалған.

Бұл туралы білген Уокер қалған уақытын отбасымен және достарымен тиімді өткізуге, сонымен қатар Олд Траффордқа соңғы рет келіп, өзінің сүйікті клубын көруге шешім қабылдаған.

Полдың досы VIP ложға бару үшін қаражат жинауды ұйымдастырды. "Юнайтед" бұл іске назар аударып, Уокерді тегін ойын көруге шақырды. Нәтижесінде жиналған 11 мың фунт стерлингті ол отбасына жұмсайды.  Ал Пол ойынды (11 қыркүйекте Ньюкаслға қарсы), VIP-сервисте отырып көріп, соңынан "Манчестер Юнайтед" ойыншыларымен кездеседі.

Клуб бапкері Сульшер Полға видеоүндеу жолдады.

"Сәлем, Пол, біз сенің қиын кезеңді бастан өткеріп жатқаныңды түсінеміз және "Манчестер Юнайтед" болып  сені уайымдаймыз. Клубқа өмір бойы қолдау көрсеткенің үшін рахмет, біз оны бағалаймыз. Сені "Арман театрына" шақыру біз үшін үлкен мәртебе. "Ендеше, Олд Траффордта күтеміз, сондықтан күлімдеп жүр, позитивті бол және ойыннан ләззат ал", - деді бапкер.

Полдың досы: "Бұл Пол мен оның отбасына қатты әсер еткенін, енді ол үлкен ұлына әкесі туралы ешқашан ұмытылмайтын ерекше естеліктер қалдыра алатынын", айтты

Т. Раушанұлы