4 жылдан кейінгі жекпе-жек. Сойлыбаев мексикалық боксшыға есе жіберді

4 жылдан кейінгі жекпе-жек. Сойлыбаев мексикалық боксшыға есе жіберді

4 жылдан кейін шаршы алаңға оралған қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев мансабында алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татты. Отандасымыз мексикалық боксшы Рамиро Цесенаға есе жіберді.

Бокс кеші Дубайда (БАӘ) өтті. Жекпе-жек жоспарланған 8 раундқа созылды. Төрешілердің басым дауысымен мексикалық боксшы жеңіске жетті.

Бекман Сойлыбаев кәсіпқой бокста 2017 жылы жекпе-жек өткізген. Жарақатына байланысты 4 жыл шаршы алаңға шықпады. Ал оған дейін өткізген 12 жекпе-жегінде жеңіске жеткен еді.

Н. Үсенова