Месси мансабын ПСЖ командасында жалғастырады

Месси мансабын ПСЖ командасында жалғастырады
Фото: Getty Images

Танымал аргентиналық футболшы Лионель Месси мансабын ПСЖ клубында жалғастырады. Мұны париждік команданың ресми сайты мен twitter желісіндегі арнайы бейнероликтен аңғаруға болады.

Шағын ғана бейнежазбада аргентиналық ойыншы мен алты "Алтын доп" анық көрсетіледі. "Жуырда" деп те тақырып қойылған. Қазіргі таңда футболшы медициналық тексеруден өтіп үлгерген. Ертең өтетін арнайы пресс-конференция кезінде ресми түрде таныстыратын болады.

Лионель Месси "Барселона" командасымен 5 тамыз күні кететінін хабарлады. Ал келісімшарты маусым айында аяқталған еді. Қос тарап келісімге келе алмады.

Футболшы мансабын осы каталондық клуб сапында бастаған. Бар жетістігін "Барселона" жейдесінде жүріп бағындырды. 30-дан аса ірі жарыстарда жеңімпаз атанды. Оның ішінде 10 рет Испания чемпионы болды. 4 рет Чемпиондар лигасында топ жарды.

Н. Үсенова