"ПСЖ" Эйфель мұнарасын Мессидің таныстырылымы үшін жалға алды - БАҚ

Француздың "Пари Сен-Жермен" (ПСЖ) футбол клубы аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиді таныстыру үшін Эйфель мұнарасын жалға алды.

Бұл туралы алғаш рет El Chiringuito Хосе Альварес спорт бағдарламасының журналисі хабарлады. Футболшының тұсаукесері 10 тамызда өтетіні хабарланды.

Айта кету керек, 2017 жылы "ПСЖ" Эйфельді Барселонадан француз клубына ауысқан Неймардың таныстырылымы үшін де қолданылған.

"Француз клубы аргентиналық жұлдызбен 2023 жылдың маусымына дейін келісімшартқа қол қоюға жақын", деп жазуып жатыр шетелдік БАҚ өкілдері.

Испандық басылымның хабарлауынша," ПСЖ"  Мессиді өз командасына қосатын жалғыз бәсекеге қабілетті клуб. Ағылшындық "Манчестер Сити" ойыншы үшін күреске қатысудан бас тартты. Мессиді "ПСЖ" -ға ауыстыру туралы келісімнің орындалмауы үлкен тосын сый болады.

Естеріңізге сала кетейік, 5 тамызда "Барселона" Мессимен келісімді ұзартпайтынын мәлімдеген болатын. Бұл Испания лигасының регламентінде көрсетілген қаржылық және құрылымдық кедергілерге байланысты болды.

Содан кейін, Катардың "Аль-Садд" клубы 34 жастағы аргентиналық футболшыға бір миллиард еуроға үш жылдық келісімшарт ұсынды. "Аль Саддты" "Барселона" сапында Мессимен бірге ойнаған Хави жаттықтырады.

Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары француздың "ПСЖ" клубы Мессимен келісімшартқа отырды деген ақпарат таралды. Сондай -ақ, "Челсидің" қожайыны Роман Абрамович Лионель өкілдерімен кездескені белгілі болды.

Аргентиналық футболшы 2004 жылы "Барселона" сапында дебют жасады. Клубпен бірге ол Испания чемпионатын он рет, Испания кубогын жеті рет жеңіп алды, сонымен қатар төрт рет Чемпиондар лигасында қарсылас шақ келтірмеді.