Конференция лигасы. Томасовтың екі голы "Астанаға" жеңіс сыйлады

Конференция лигасы. Томасовтың екі голы "Астанаға" жеңіс сыйлады

"Астана" футбол клубы Конференция лигасындағы бірінші ойында Грекияның "Арис" клубын ұтты. "Астана Аренадағы" ойында қазақстандық клуб 2:0 есебімен жеңіске жетті. 

Ойындағы екі голды да команданың хорват легионері Марин Томасов соқты. Бірінші таймдағы голы кезінде Тигран Барсегян нәтижелі пас берсе, екінші таймдағы голын Абзал Бейсебековтің пасынан кейін соқты. 

"Астана" ойынды 10 ойыншымен аяқтады. 76 минутта Лука Шимунович екінші сары қағазын алып алаңнан қуылды. 

Екі команда арасындағы қарымта ойын бір аптадан кейін Грекияда өтеді. Ұтқаны "КуПС" (Финляндия) – "Ворскла" (Украина) клубтарының жеңгенімен жолығады. 

Н. Үсенова