"Қайрат" "Црвена Звезданы" ұтты

"Қайрат" "Црвена Звезданы" ұтты

Чемпиондар лигасының 2-ші іріктеу кезеңінде "Қайрат" пен "Црвена Звезда" алғашқы ойынын өткізді. Алматыда өткен матчта 2:1 есебімен "Қайрат" командасы ұтты.

Ойынның 24 минутында "Қайраттың" шабуылшысы Хосе Канте Сүйімбаевтың бұрыштан асырған добын баспен соғып, командаластарын алға шығарды. Бірінші таймда серб клубының бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберді.

Екінші таймның 56 минутында "Қайраттың" қорғаушысы Дино Миканович автогол соғып, "Црвена Звезда" есепті теңестірді. Осыдан соң алматылық клуб шабуылын күшейтті. 79 минутта Фрэнк Баньяк командаласы асырған допты голға айналдырды.

Қарымта ойыны бір аптадан кейін Белградта өтеді.

Т. Раушанұлы