Криштиану Роналду жұмбақ хабарлама жариялады

Криштиану Роналду жұмбақ хабарлама жариялады
Фото: instagram.com/cristiano

"Ювентус" пен Португалия ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жұмбақ хабарлама жариялады. 

Форвард инстаграмдағы парақшасына Роллс-Ройспен түскен суретті салып, оған: "Таңдау жасайтын күн" (Decision day) деп жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano)

Бұған дейін туриндік клуб Роналдумен 2023 жылға дейін жаңа келісім жасағысы келетіні туралы хабарланған болатын. Жаңа келісімшартқа сәйкес, португалдықтардың жалақысы жылына 31 миллион евродан 20 миллионға дейін төмендейді.

Сонымен бірге, L'Équipe "Ювентус" Роналдуды "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Мауро Икардиға ауыстыруы мүмкін екенін мәлімдеді.

Еске салайық, Роналду туриндік "Ювентус" сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді. 36 жастағы португалиялық форвард өткен маусымда 29 гол соғып, Италия чемпионатының сұрмергені атанды. Роналдудың итальяндық клубпен қазіргі келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін жасалған.

Т. Раушанұлы