Аяғы сынған МакГрегор Порьеден тағы жеңілді (видео)

Лас-Вегаста ұйымдастырылған UFC 264 турнирінің басты жекпе-жегі аяқталды. Аяғын сындырып алған Конор МакГрегор Дастин Порьеден тағы жеңілді.

Бірінші раундтан кейін жекпе-жек тоқтатылды. Ирландиялық спортшы қарсылық білдіргенмен, орнына тұра алған жоқ. Дәрігерлер мен төреші кездесудің жалғасуына рұқсат берген жоқ. Осылайша Дастин Порье техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

6 жыл бұрын Конор МакГрегор Дастин Порьені бірінші раундта нокаутқа түсірген еді. Ал осы жылдың қаңтар айында америкалық спортшы есесін қайтарған-ды. 

Айта кетейік, UFC 264 турнирінде қазақстандық Жалғас Жұмағұлов та жекпе-жек өткізді. Отандасымыз америкалық Джером Ривераны қылқындыру әдісімен жеңіп шықты.