"Қайрат" Чемпиондар лигасында "Маккаби Хайфамен" тең ойнады

"Қайрат" Чемпиондар лигасында "Маккаби Хайфамен" тең ойнады
Фото: ynet.co.il©

Футболдан Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі басталды. Биыл ел атынан кәрі құрлықтың басты додасында бақ сынайтын "Қайрат" жарысты тең ойынмен бастады.

Қазақстандық клуб Хайфада "Маккабимен" ойнады. "Сэмми Офер" стадионындағы ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.

Бірінші тайм аяқталар тұста Омер Ацили алаң иелерін алға шығарған. Екінші таймда (76 минут) Нұрәлі Әліп бұрышамадан асырылған допқа бірінші жетіп, таразы басын теңестірді.

Екі командада гол соғатын бірнеше мүмкіндіктен болды. Бірде сәттілік жетіспесе, бірде қақпа бағанынан қайтты. Осылайша бір-бір голмен ғана шектелді.

Қарымта ойын 14 шілде күні Алматының орталық стадионында өтеді.

Айта кетейік, осы маусымнан жарыс ережесіне өзгеріс енгізілді. Тең түскен жағдайда түзде соғылған голдың "салмағы" болмайды.  

Н. Үсенова