Шавкат Рахмонов UFC-гі екінші жеңісіне қол жеткізді

Шавкат Рахмонов UFC-гі екінші жеңісіне қол жеткізді
Фото: Zuffa LLC©

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC-гі екінші жекпе-жегін де сәтті өткізді. Отандасымыз Лас-Вегаста өтіп жатқан UFC Vegas 30 турнирінде бразилиялық Мишел Празересті қылқындыру әдісімен жеңді.

Шавкат тоғызбұрышқа "Біздің елдің жігіттері" әнімен жігерленіп шықты. Бірінші раундты өз бақылауында өткізіп, қарсыласынан басым болып шықты. Тейкдаун жасап, бірнеше соққысын дарыта білді.

Отандасымыз екінші раундты ширақ бастап, шабуылын үдетті. Қылқындыру әдісіне салып, қарсыласына мықтылығын мойындатты.

Шавкат Рахмонов UFC-гі алғашқы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында өткізген болатын. Ол кезде де бразилиялық спортшыдан басым түскен еді. 

Н. Үсенова