"Челси" Чемпиондар лигасын өз тарихында екінші рет жеңді (видео)

"Челси" Чемпиондар лигасын өз тарихында екінші рет жеңді (видео)
Фото: triboona.ru

Футболдан Чемпиондар лигасының финалында "Челси" (Англия) "Манчестер Ситиді" (Англия) 1:0 есебімен ұтып, өз тарихында 2-ші рет жеңімпаз атанды.

Маусымның шешуші ойыны Португалиядағы "Портудың" стадионы "Драганда" өтті. "Ақсүйектерге" жеңіс сыйлаған голды 42 минутта Кай Хаверц соқты.

Айта кетейік, Бұл "Челси" клубының үшінші финалы. Мюнхеннің "Бавария" командасы Челси командасынан 2011/12 жылғы Чемпиондар лигасының финалында пенальтиден (1: 1, пенальтиден 3: 4) ұтылды.

Осылайша Лондондықтар өз тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алған еді.

2008 жылы "Челси" Чемпиондар лигасының финалында – "Манчестер Юнайтедке" қарсы ойнады және пенальти сериясында жеңіліске ұшыраған болатын.

Т. Раушанұлы