УЕФА "Реал", "Барселона" және "Ювентуске" қарсы іс қозғады

УЕФА "Реал", "Барселона" және "Ювентуске" қарсы іс қозғады
Фото: allgoals

Еуропа футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) Еуропа Суперлигасын ұйымдастыруға қатысқаны үшін "Реал Мадрид", "Барселона" және "Ювентуске" қатысты тәртіптік іс қозғады.

Істің ашылуына Еуропа лигасының жобасына байланысты УЕФА-ның заңнамалық базасын бұзу себеп. Өйткені бұл үш клуб Супер лигадан бас тартқан жоқ.

"Супер лига" деп аталатын жобаға байланысты УЕФА-ның тәртіптік инспекторлары жүргізген тергеуден кейін "Реал Мадрид", "Барселона" және "Ювентуске" УЕФА-ның заңнамалық базасын бұзуы мүмкін деген тәртіптік іс қозғалды. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі", - делінген УЕФА хабарламасында.

Футбол клубтары келесі маусымда Чемпиондар лигасынан шығарылады және дисквалификациядан басқа, клубтарға үлкен ақшалай айыппұлдар салынуы мүмкін. Егер санкциялар салынатын болса, онда бұл үш клуб Спорттық арбитраждық сотқа (CAS) шағымданбақ ниетте екені айтылған.

Естеріңізге сала кетейік, Суперлига жобасы – Еуропаның 20 ең жақсы клубы қатысатын бір лига құруды көздеді. Алайда хабарландырудан екі күн өткен соң тоғыз клуб жарыстан бас тартатынын мәлімдеді. Тек "Барселона", "Реал" және "Ювентус" осы уақытқа дейін турнирден шығатынын хабарлаған жоқ. Бұған дейін аталған клубтардың еуропалық жарыстан екі жылға шеттетілуі мүмкін екені айтылған болатын.

Т. Раушанұлы