Азия чемпионатында жүлде алған боксшылар қанша сыйақыға ие болады?

Азия чемпионатында жүлде алған боксшылар қанша сыйақыға ие болады?
Фото: olympic.kz

Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (AIBA) Азия чемпионатында жүлде алған боксшылар қанша сыйақы алатыны жайлы хабарлады. Сары құрлықтың басты бокс бәсекесі 21 мамыр күні басталады.

Дубайдағы жарыста топ жарған боксшы 10 мың АҚШ долларын еншілейді. Күміс жүлдегер 5 мың доллар алса, қола жүлдегерлерге 2,5 мың доллар беріледі. Жалпы жүлде қоры 400 мың АҚШ долларын құрайды.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 1 маусымға дейін жалғасады. Осыған дейін жарысқа баратын ұлттық құрама тізімі жарияланған болатын.

Өзге де қызықты ақпараттарды сайтымыздың instagram парақшасынан қарай аласыздар.

Н. Үсенова