Алматы тынысы: Спорт күні аталып өтті

Алматы тынысы: Спорт күні аталып өтті
Фото: vk.com

Тамыздың үшінші жексенбісінде бүкіл Қазақстан бойынша Спорт күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Алып шаһардың әр ауданының тұрғындары жаппай  спорттық жаттығулар жасаса, солардың бірі М. Горький атындағы орталық саябақта ұйымдастырылды. 

Мәдениет және демалыс саябағында Спорт күні мерекесіне мыңдаған жасөспірімдер мен ересектер жиналды, оларға ұйымдастырушылар көптеген ойын-сауық және спорттық ойындар дайындады. 

"Әр адам өмірден үнемі жақсылық көре білу қағидасын ұстануы керек. Алматы қаласының әкімдігінде мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтарын осындай керемет атмосфераға бөлеп, тамаша мереке ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз! Біз саябаққа үш баламызбен бірге келдік, олардың барлығына бұл мереке ұнады", - дейді Алматы тұрғыны Марина Гордеева. 

"Спорттық  Алматы" бағдарламасының ұйымдастырушыларының бірі Айдос Бағашев қаланың мерекелік іс-шараларына мыңдаған  салауатты  өмір  салтын  ұстанатын  халық жиналғанын атап өтті. 

"Бүгінде саябаққа көптеген адамдар  жиналды.  Бұл Алматы тұрғындарының белсенді өмір сүріп жатқанының белгісі екенін дәлелдейді. Жыл сайын елімізде жүйелі түрде спортпен шұғылданатын адамдардың саны артып келеді. Мұның барлығы  жергілікті спорттық инфрақұрылымның дамуына байланысты деп ойлаймын. Мысалы, Алматыда спортпен шұғылдануға барлық жағдайлар жасалған, демек бұқаралық сипат жаңғыртылады.  Алматы әкімдігінің  тапсырмасы бойынша барлық оқу орындары мен басқа да қоғамдық орындар заманауи спорттық құралдармен жабдықталған, тіпті әдеттегі аулаларда қажетті жағдайлар жасалады.

Айта кетер жайт, 19-шы  тамыз  — отандық  және әлемдік футзал үшін ерекше күн. Осы күні Алматыда студенттер арасында футзалдан  әлем чемпионатының ашылуы болды. 8 күн бойы осы қызықты және серпінді спорттың барлық жанкүйерлері Almaty Arena  спорт кешенінде  дүниежүзінің   мықты  командалардың ойындарын тамашалауға мүмкіндік алады» - дейді Айдос Бағашев.

А. Оралқызы