Apple Team велокомандасы жақсы нәтижелер көрсетуде

Apple Team велокомандасы жақсы нәтижелер көрсетуде
Фото: vk.com

Алматылық кәсіби континенталдық Apple Team велокомандасы бүгін кезекті жарысын Венгрияда Tour of Hungry жарысынан бастады.   

Осының алдында команда тамыздың 7-і мен 11-і аралығында Румынияда өткен Tour of Szeklerland-та жақсы өнер көрсетіп, велошабандоз Антон Лаврентеев төртінші кезеңді үшінші орнынмен аяқтаған болатын.   

"Бұл кезеңнің жол бедерін зерттеп біздің топтын бірге сөреге дейін келе алмайтынын түсіндік. Біреуімізге алға шығып озып кету керек болды. Дәл сондай жағдай жарыста орын алды. Командамның көмегімен мен бірінші шақырымнан бастап алға шығып, соңына дейін алда келдім, бірақ артымдағы екі спортшы бірігіп мені озып кетті. Алайда, мен осы орынға да қуаныштымын, қайткенде де, бұл менің осындай деңгейдегі жарыстағы алғашқы тұғырым", - деді Антон Лаврентеев. 

Бір айте кететіні, Шокорланд туры алматылық ұжым қатысып жатқан UCI бойынша 2.2 деңгейіндегі беделді веложарыстар қатарында. Енді алматылықтар тамыздың 19-ы дейін Венгрия Турында бағын сынап, артынша Эстонияға Baltik Chain Tour аттанады. Содан кейін Tour of Bulgaria, Tour of  Romania, Tour de Slovaquie қатысып, Алматыдағы Tour of Almaty-ға оралады.  

Қазіргі танда жылдың басынан «Apple Team» 9 халықаралық жарысқа қатысып үлгерген. Соның ішінде команда спортшылары келесі нәтижелерге қол жеткізді:

- 1 орын таулы жіктелім Tour of Cartier (2.2);

- 1 орын командалық есеп 3-і кезең Tour of  Mediterranean;

- 2 орын таулы жіктелім Tour of Mesopotamia (2.2);

- 3 орын 2-ші кезең Tour of Mesopotamia (2.2);

- 5 орын 1-ші кезең Tour of Mediterranean;

- 5 орын 4-ші кезең Tour of Cartier (2.2);

- 7 орын Horizon Park Race Classic (1.2);

- 8 орын бас жіктелім Tour of Mediterranean.   

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы қыркүйекте команда көпшілік алдында ресми түрде таныстырылған болатын. Ал, осы жылдың қаңтар айында «Apple Team» халықаралық велосипедшілер одағының лицензиясын алды (UCI).  Команда сапында 14 жас әрі келешегі зор кәсіби спортшылар өнер көрсетеді.

А. Оралқызы