Ел чемпионатының III турын онлайннан тамашалаңыздар

Бүгін футболдан Қазақстан Премьер Лигасының III тур ойындары өтеді. Осыған орай Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми арнасы "PFLK-TV" ойындарды тікелей эфирден көрсетпек. Астана уақыты бойынша 15:00 және 16:00-ге жоспарланған кездесулердің онлайн көрсетілімдерін назарларыңызға ұсынамыз.

"Жетісу" - "Ордабасы" (Басталуы: 15:00)

"Ертіс" - "Атырау" (Басталуы: 15:00)

"Тобыл" - "Шахтер" (Басталуы: 15:00)

"Ақжайық" - "Қайрат" (Басталуы: 16:00)

"Тараз" - "Оқжетпес" (Басталуы: 16:00)

Айта кетрлігі, "Тараз" бен "Оқжетпес" клубтарының ойынынан "PFLK-TV" арнасымен қатар "Қазақстан-Тараз" арнасы да көрсетілім ұйымдастырмақ. Сонымен қатар, бүгінгі кездесулер тізімінде алтыншы жұпты құрайтын "Астана" мен "Ақтөбе" клубтарының арасындағы ойынның онлайн көрсетілімі жоқ. Бұл матч көрерменге "KazSport" арнасы арқылы жол тартады.