Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Абылайхан Жұбаназар Душанбеде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде үздік үштікке енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Абылайхан 81 келі салмақта өткен кіші финалда чехиялық Адам Копецкиді мерзімінен бұрын жеңді.

Осылайша, Жұбаназар әлемдік турнирдің жүлдегері атанып қана қоймай, олимпиадалық рейтингіде маңызды ұпайға қол жеткізді.

Айта кетейік, Душанбедегі Grand Slam турнирінде Қазақстан спортшылары сәтті өнер көрсетіп жатыр. Бұған дейін Мағжан Шамшадин (60 келі) күміске қол жеткізсе, Дархан Қойбағар (73 келі) қола медаль иеленген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!