Юлия Путинцева қарсыласын тас-талқан етіп, Мадридтегі турнирдің төртінші айналымына шықты

Юлия Путинцева қарсыласын тас-талқан етіп, Мадридтегі турнирдің төртінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Мадридтегі турнирдің төртінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Путинцева Мадридтегі WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында америкалық Кэролайн Доулхайдты (56 WTA) екі сетте ұтты – 6:2, 6:2.

Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы ресейлік теннисшілер Дарья Касаткина мен Анастасия Павлюченкова арасындағы матчтың жеңімпазы болмақ.

Еске салайық, мұның алдында Елена Рыбакинаның Мадридтегі турнирдің төртінші айналымына шыққанын жазған едік.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан