Елена Рыбакина Мадридтегі турнирдің төртінші айналымында ойнайды

Елена Рыбакина Мадридтегі турнирдің төртінші айналымында ойнайды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Елена Рыбакина Мадридтегі турнирдің төртінші айналымында ойнайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Мадридте өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында әлемдік рейтингіде 72-орында тұрған мысырлық Майар Шерифтен басым түсті – 6:1, 6:4.

Испания астанасында өтіп жатқан жарыстың төртінші айналымында қазақстандық теннисші америкалық Эшлин Крюгерді 6:3, 6:1 есебімен ұтқан чех Сара Бейлекпен ойнайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан