Рыбакина сыйға алған Porsche автокөлігін не істейтінін айтты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Штутгартта өткен WTA 500 – Porsche Tennis Grand Prix турнирінде топ жарды. Ұйымдастырушылар жарқын жеңісі үшін Porsche Taycan 4s автокөлігін сыйлады. 

Автомобиль компаниясы 2024 жылдан бастап жеңімпазға сый жасауды қолға алған. Жеңіске жеткен Рыбакина көлікті тізгіндемесе де, алғаш болып отырып көрді. Қарсыласына құрмет көрсетіп, өз командасы мен Қазақстан теннис федерациясы президентіне алғысын білдірді. Ал жаңа автокөлігін не істейтіні жайлы әлі ойланбағанын баспасөз жиыны кезінде айта кетті. 

Шынымды айтсам, менде көлік жүргізу куәлігі жоқ. Көптен бері алғым келіп жүрген, мынау соған бір мотивация болды. Әзірге көлікті не істейтінімді білмеймін. Мұны міндетті түрде айдап көретін боламын. Дубайда қалдырамын деп ойлаймын. Стефано айдай тұратын болар. Болмаса менің анам тізгіндейді. Өзім де реті келіп айдап қалармын, - деді спортшы баспасөз жиыны кезінде. 

Айта кетейік, Елена Рыбакина Штутгарттағы жарыстың финалында украиналық Марта Костюкты жеңді. Ал жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентектен айласын асырған болатын. Осылайша осы маусымдағы үшінші чемпиондық атағына қол жеткізді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!