Қазақстандық бессайысшылар Түркиядағы әлем кубогы кезеңінде алтын алды

Қазақстандық бессайысшылар Түркиядағы әлем кубогы кезеңінде алтын алды
Фото: UIPM

Қазіргі бессайыстан Қазақстан командасы Түркияның Анкара қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды ҚР ҰОК

Қазақстандық бессайысшылар аралас эстафетада 1327 ұпай жинап, бірінші орын иеленді. Аталған сында Қазақстан намысын Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко қорғады. 

Екінші орынды Египет, үшінші орынды Италия құрамасы еншіледі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай