“Эль-класико” ойынында “Реал Мадрид” жеңіске жетті

Футболдан Испания Ла лигасының 32-турында "Реал Мадрид" пен "Барселона" командалары кездесті. Мадридтегі "Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен матчта алаң иелері 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Ойында "корольдік клуб" камбэк жасады. Бірінші болып қонақтар сапынан Андреас Кристиенсен гол соқты. 18-минутта Винисиус Жуниор пенальтиден есепті теңестірді. 

Екінші тайм ортасында Фермин Лопес кезекті рет "Барселонаны" алға шығарды. Алайда "блауграна" есепте басымдығын ұстап қала алмады. 73-минутта Лукас Васкес есепті теңестірсе, ойвн аяқталар тұста Джуд Беллингем "Реал Мадридке" жеңіс сыйлаған голды соқты.

81 ұпай жинаған "корольдік клуб" "Барселонадан" 11 ұпайға озды. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай