Балуан Мациев Азия чемпионатының финалына шықты

Балуан Мациев Азия чемпионатының финалына шықты
Фото: olympic.kz

Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық Юсуф Мациев финалға шықты. 

Грек-рим күресінен 97 кило салмақта сынға түскен ол жартылай финалда қытайлық балуанды мерзімінен бұрын айқын басымдықпен жеңді. Сондай-ақ Юсуф турнир барысында Түркіменстан және Қырғызстан балуандарынан басым түскен болатын.

Бүгін тағы екі қазақ балуаны қола медальға таласады. Олар - Ғалым Қабдунассаров (60 келі) пен Әділхан Сатаев (72 келі).

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай