Қарсыластарының дөрекі әрекетінен кейінгі Қабірханның жағдайы белгілі болды

Қарсыластарының дөрекі әрекетінен кейінгі Қабірханның жағдайы белгілі болды
Фото: instagram.com/kabirkhan_qazaqstan

Қазақстандық Тілек Мұқанбетқалиевке тиесілі Қабірхан атты жылқының Dubai World Cup жарысынан кейінгі жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

Бұған дейін Dubai World Cup-тың (БАӘ) бас бәйгесіне қазақстандық чемпион-жылқы қатысқан еді. Қабірхан бәйге аяқталғанға дейін үшінші болып келе жатқан еді, бірақ оның қарсыластары мәреге бірнеше жүз метр қалғанда атты "қоршап" алып, оның бос кеңістікке шығуына мүмкіндік бермеді.

"Бұл видеолар DWC өткен күннің ертеңінде түсірілген. Ең бастысы, Қабірханның дені сау, өзін жақсы сезінедi", - делінген жылқыға арналған аккаунттағы жазбада.
 

Қабірханды мініп, жарысқа шыққан ирландиялық жокей Патрик Доббс сегізінші болып, иесі 120 мың доллар жеңіп алды. Жарыстың жеңімпазы 6 миллион 960 мың доллар жүлдені иеленді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан