Гимнастар Антальяда алтын және күміс медаль жеңіп алды

Гимнастар Антальяда алтын және күміс медаль жеңіп алды
Фото: ©instagram.com/kazgymfederation

Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup санатындағы турнир аяқталды, – деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл жарыста Ұлттық құрама спортшылары 2 жүлдеге ие болды. Әуелі ат снарядында Нариман Құрбанов күміс жүлдегер атанды (14.850 ұпай). Қазақстандық спортшы 1-орын алған Ахмад Әбу әл-Саудтан (14.900) небәрі 0, 050 балл қалып кетті.

Осы сында өнер көрсеткен Ұлттық құраманың тағы бір өкілі Зейнолла Ыдырысов жүлдеге бір табан жетпей тоқтады. Ол қола жүлдегер украиналық атлетпен (Родомир Стельмах) бірдей ұпай жинаған (14.000). Алайда бағдарламаның қиындығы жағынан қарсыласы басымдыққа ие болды.

Осыдан кейін Асан Салимов тіреніп секіру жаттығуында алтыннан алқа тақты. Ол финалда 14.300 ұпай жинап, Украина құрамасының 2 гимнастынан едәуір озып шықты.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

Ө. Сансызбай