Кабирхан әлем кубогында жүлделі орынға іліге алмады

Қазақстан сәйгүлігі Кабирхан Дубайдағы "Мейдан" ипподромында өткен әлем кубогында жүлделі орынға іліге алмады. 

12 сәйгүлік сынға түскен бәйгеде Laurel River жеңіске жетті. Ол қарсыластарынан оқ бойы озық шықты. Осылайша 6,9 миллион АҚШ долларын еншіледі.

Кабирхан мәре сызығын соңғы топтағы тұлпарлармен қатар кесіп, 9-орыннан көрінді. Жүлде алғашқы 8-орынға іліккен тұлпарларға беріледі.

Dura Erede тұлпарымен жарыс жолына шыққан қазақ жокейі Бауыржан Мырзабаев мәре сызығына 5-ші болып жетті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!