Қатысқан жарыстың бәрінен жүлдесіз қайтпайтын Әбиба Әбужақынова Түркияда да медальсіз қалмады

Қатысқан жарыстың бәрінен жүлдесіз қайтпайтын Әбиба Әбужақынова Түркияда да медальсіз қалмады
Фото: olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Әбиба Әбужақынова Антальядағы Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі olympic.kz-ке сілтеме жасап.

48 келіде сынға түсетін Әбиба қола медаль үшін күресте ресейлік Сабина Гилязованы жеңді. 

Төрешілер ресейлік спортшыға үш ескерту беріп, нәтижесінде Әбиба жеңімпаз деп танылды. 

Осылайша, Әбиба Әбужақынова биыл өзі қатысқан жарыстың бәрінен жүлде алып келеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан