Футболдан Еуропа чемпионатында қай құрамалар фаворит?

Футболдан Еуропа чемпионатында қай құрамалар фаворит?
Фото: Sky Sports

Goal басылымы футболдан биылғы Еуропа чемпионатындағы фаворит құрамаларды жариялады. Рейтингте Франция құрамасы көшбасшы саналып тұр. 

Француздардан кейін фавориттер қатарына Португалия құрамасы жайғасқан. Үштікті Бельгия құрамасы түйіндеген. Бұл құрамалардың Еуропа чемпионы атануға мүмкіндігі жоғары саналып отыр. 

Үш құрамадан кейін Англия, Германия, Испания, Италия, Венгрия, Австрия, Нидерланд, Хорватия, Дания, Турция, Украина, Словакия, Швейцария, Чехия, Словения, Румыния, Шотландия, Сербия, Польша, Албания және Грузия құрамалары жайғасқан. 

Айта кетейік, 2024 жылғы Еуропа чемпионаты 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияда өтеді. Ойындарды Берлин, Гамбург, Гельзенкирхен, Дортмунд, Дюссельдорф, Кельн, Лейпциг, Мюнхен, Франкфурт және Штутгарт қалалары қабылдайды. 

Еуропа чемпионатының топтық кезеңі:

"А" тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария.
"B" тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания.
"C" тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия.
"D" тобы: Польша, Нидерланд, Австрия, Франция.
"E" тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, Украина.
"F" тобы: Түркия, Грузия, Португалия, Чехия.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай