Астанада өтетін спаррингтік жекпе-жектерге кәсіпқой боксшы қыздар да қатысады

Қазақстан әйелдер құрамасының бапкерлер алқасы сәуірдің 8-і мен 10-ы аралығында Астанада өтетін спаррингтік кездесулерге шақыртылған боксшылардың құрамын бекітті, - деп хабарлайды ҚБФ. 

Спаррингтік кездесулердің қорытындысы бойынша, бапкерлер алқасы Таиланд астанасы Бангкокте өтетін әлемдік іріктеу турниріне қатысатын боксшыларды анықтайды. Сәйкесінше маңызды додаға іріктеу спаррингтері болғандықтан боксшылар өз салмақ дәрежелеріне сай болуы керек. Әйтсе де, салмақ бойынша сәл ауытқушылыққа рұқсат етіледі.

Спаррингтік кездесулерге 4 салмақ дәрежесінде 16 боксшы шақыртылды. Олардың қатарында кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген Ангелина Лукас пен Балауса Мұздиман да бар. Ал 60 килоде спарринг ұйымдастырылмайтын болды. Өйткені, Италиядағы іріктеу турнирі кезінде жарақат алып қалған Римма Волосенко жарақатынан толық жазылмаған. Сондықтан бапкерлер алқасы Волосенконы да және оның басты бәсекелесі Виктория Графееваны да Бангкок бәсекесіне қатысуы мүмкін боксшылардың қатарына қосты. Іріктеу турниріне қайсысының қатысатыны кейінірек өтетін оқу-жаттығу жиыны барысында белгілі болады.

50 кило:
Назым Қызайбай (1993)
Алуа Балқыбекова (1996)

54 кило:
Анель Сақыш (2000)
Жайна Шекербекова (1989)
Ангелина Лукас (1997)
Балауса Мұздыман (1997)
Элина Базарова (2004)
Ұлжан Сәрсенбек (2005)
Сымбат Әлиасқар (2004)

66 кило:
Жасмин Қизатова (2002)
Лаура Есенкелді (2000)
Наталья Богданова (1999)
Дариға Шәкімова (1988)

75 кило:
Гүлсая Ержан (2001)
Валентина Хальзова (1996)
Жібек Жарасқызы (2003)

Айта кетейік, осыған дейін ерлер арасында 63,5 килода спаррингтік кездесулерге қатысатын боксшылар белгілі болған еді. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!