Бибісара Асаубаева халықаралық беделді жарыста топ жарды

Қазақстандық шахматшы қыз Бибісара Асаубаева халықаралық Swiss Queens Wednesday онлайн жарысында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды World Chess. 

Бибісара мүмкін болған 11 баллдан 10,5-ін жинады. Қарсыластарынан 2 ұпайға озық шықты. 

1. Бибісара Асаубаева (Қазақстан) - 10,5 балло (300 доллар);
2. Теодора Иняц (Сербия) - 8,5 балл (250 доллар);
3. Савита Шри Баскар (Үндістан) - 8,5 балл (200 доллар);
4. Вантика Агравал (Үндістан) - 8 балл (150 доллар);
5. Фам Ле Тхао Нгуен (Вьетнам) - 7,5 балл (100 доллар).

Swiss Queens Wednesday онлайн турнирі FIDE-нің 100 жылдығына орай ұйымдастырылуда. Оған әлемнің үздік шахматшылары қатысуда. Әр турнирдің жүлде қоры 1000 АҚШ долларын құрайды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!