Месси футболдан өзге қандай спорт түрлерін жақсы көретінін айтты

Аргентина ұлттық құрамасы мен "Интер Майами" командасының шабуылшысы Лионель Месси футболдан өзге қандай спорт түрлерін жақсы көретінін айтты. 

Мен теннис, падел, баскетбол және америкалық футболды жаныма жақын тұтамын. Кейінгі уақытта америкалық футбол жайлы көп біле бастадым, білген сайын қызығушылығым артуда, - деді Месси MBC каналындағы Big Time подкастында.

Айта кетейік, Месси 2023 жылдан бастап "Интер Майамиде" ойнап келеді. Команда 2025 жылға дейін келісімшарт жасасқан. Қазіргі таңда оның трансферлік құны 30 миллион еуроны құрайды. Оған дейін аргентиналық футболшы "Барселона" және ПСЖ клубтарында ойнады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!